ҚазҰУ ұжымы әлеуметтік жаңғыру жолында театрға жиі барып тұрады
12 сәуірде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тәрбие жұмысы және тілдерді дамыту департаментінің ұйымдастыруымен университетіміздің 474 куратор-эдвайзерлері мен студенттері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына арнайы барып қайтты.
Онда университеттің куратор-эдвайзерлар кеңесі мен ҚазҰУ студенттері «Қозы-Көрпеш-Баян-сұлу» спектаклін тамашалады.
Мәдени ошақтарға ат басын бұру әлеуметтік жаңғыру қадамдарын айқындайды. Бұған дейін университет қабырғасында театр ұжымымен кездесулер ұйымдастырылды. Спекталь соңында оқытушылар және студент-жастар театр ұжымымен арнайы кездесіп қойылымнан алған әсерлерімен бөлісті. Спектакль кейіпкерлерімен сұхбаттасып, естелік суретке түсті. Университетімізде теарт сияқты мәдени ошақтарға жиі баруды насихаттау ашық сабақтарда, кураторлық сағаттарда, мәдени іс-шаралар жалғасын табуда.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі