ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен жарық көргелі жатқан «Қазақстаннның белгілі ғалым әйелдері» атты энциклопедияға әл Фараби атындағы Ұлттық университеттің журналистика факультеті Ғылыми кеңесінің шешімімен «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасынан тәлімгер ұстаз Клара Қабылғазина ұсынылды.
Ұстаздың шығармашылық жұмыс өтіліне 50 жыл, педагогикалық өтіліне 40 жыл толып отыр. 1973-75 жж. Алматы облысы, Іле аудандық газетінде әдеби қызметкер, 1976-79 жж. республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде меншікті тілшілер бөлімінің қызметкері, 1980-81 жж. Қазақ телевизиясы қызметкері,1981-82 жж. Алматы Жоғары партия мектебінде оқытушы, 1982 жылдан бері әл Фараби атындағы Мемлекеттік университетте баспасөз кабинетінің меңгерушісі, аға оқытушы, доценттік қызметтерде болды, 2006-2010 жж. республикалық «Арай» жастар журналының Бас редакторлығы қызметін қосымша атқарды.
1981 жылдан аға университет қабырғасында еңбек етіп келе жатқан ғалым телерадио журналистиканың теориясы, тарихы және әлеуметтік саланы зерттеу үстінде. Ол 3 электронды оқулық, 7 оқу құралы, 1 оқулық (ҚР БҒМ ), бірнеше типтік бағдарламалар шығарған.
Брюссельде өткен Еуроазиялық ашық халықаралық әдебиетшілер форумында (Open Euroasian literature festival-2019) публицистика бойынша short list –қа шыққан, ал проза номинациясы бойынша 2-орынды иеленді. ҚазҰУ баспасынан оның «Тіршілік» атты әңгімелер, хикаяттар жинағы жарық көрді.
«Цифрлық медиа және журналистика: білім берудің классикалық үрдістері мен жаңа талаптары» атты Америка,Түркия,Өзбекстан,Қырғызстан ғалымдары қатысқан халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағын шығарды. «Адамзат өмір сүруі тиіс», заманауи публицистика, «Ақиқат» журналы, №3,2020 , Ресейдегі Халықтар достығы университетінің халықаралық ғылыми тәжірибелік конференция жинағына «Global influences on the formation of Kazakh television» (РУДН, «Мссмедиа России и зарубежных стран: глобальное и национальное», 04.03.2020 ,Москва), Central Asian Journal of Social Sciences and Humanities Journal of al-Farabi Kazakh National University / JOURNALISM сериясына « Building Brand of Information Transfer», Петербор университетінің профессоры Г.Мельникпен «Problems of broadcasting news programs» атты т.б.мақалалары жарық көрген. Төрт жүздей ғылыми, публицистикалық және имидждік мақалалардың авторы.
Ол - «ҚазҰУ 80 ж.» мерекелік медалі, .«ҚазҰУ-нің үздік оқытушысы» атағы,Журналистер Академиясының дипломы, Құрмет грамоталары,Ы.Алтынсарин атындағы және «Ерен еңбегі үшін» медалі, «SKILLS AKADEMY» мекемесінің «Қазақстан ұстазы» төсбелгісі сияқты марапаттардың иегері. .
Ол «Қазақстан ғалымдары» , Шығыс Қазақстан облыстық және Қазақстан білім саласы үздіктерінің энциклопедияларына енген. ҚазҰУ Ғылыми – педагогикалық қауымдастығы өкілдерінің «Аманат» атты жинағына шыққан..СТВ арнасында «Қоғам және әйел» бағдарламасы бойынша деректі фильм жасалған, «Қазақстан» арнасында жеке бағдарлама арналған («Сырғалым»), «Білім», «Мәдениет», «Асыл арна» және «Хабар» , «Еуразия» арналарында сюжеттер түсірілген, БАҚ беттерінде мақалалар жарияланған,