"Алаш айнасы" республикалық қоғамдық-саяси күнделікті газет
18 сәуір, 2011
Апат аймағындағы мектеп бітірушілерге арнайы ҰБТ жеңілдіктерін қарастыру қажет пе?
Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің деканы
Иә
Қазақстандағы ҰБТ-ның қалыптасқан өзіндік тәртібі бар ғой. Ол тәртіпті бірден табан астында өзгертіп, бекіту оңай емес. Бірақ ҰБТ өткізілген мерзімде апат аймағынан келген балаларға айрықша материалдық-техникалық жағдай жасау керек. Өткізетін орны, мектеп, мерзім, әлеуметтік жағдай: тамақтануы, жататын орны, көлігі қаралу керек. Апат аймағында ұзақ мерзім сабақ болмауынан, оқушылардың ҰБТ-ға дайындалуға уақыты болмай қалуы мүмкін. ҰБТ жақындаған сайын мектеп оқушыларының психологиясы мектеп деңгейінде тестілеу байқаулары өтіп, жаттығады ғой.
Жаңағыдай себептерден кейін жаттығу мүмкіндіктерінен айырылып қалуы мүмкін. Осының барлығын ескеріп, Білім және ғылым министрлігі мен Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы апат аймағындағы мектеп түлектеріне айрықша жағдай жасауы керек. Жергілікті билік органдары ауылдық, қалалық, облыстық әкімшіліктермен бірігіп, жоғары деңгейде шешуі керек. Мүмкіндігінше қолдау қажет. Әйтпесе кей бала ҰБТ-ға қатыса алмай қалуы мүмкін. Қатысқан күнде де материалдық, табиғи кедергілердің әсерінен ертең төмен балл алып қалуы мүмкін. Әрине, Парламенттен жеңілдікке қатысты заңды бір-екі айдың ішінде өткізбейді ғой. Әйтсе де Білім және ғылым министрлігінің құзырында қандай мүмкіндік бар, сол аяда үлкен көмек жасалса. Мүмкіндік болса, балл қосу жағын да қарастыру керек. Түлектер табиғи апаттың зардабын шекпеуі керек. Үкімет тарапынан барлық жағдай жасалып жатқан тұста бұлардың да мұң-мұқтажы ескерілуі керек. Себебі ҰБТ-ның жаңа ережесі шығып жатыр, балдық деңгейі көтерілді. Қазақстан бойынша екі олимпиада бар, бірі – пәндік, екіншісі – әл-Фараби атындағы олимпиада. Жақында ғана біздің университетте өткен әл-Фараби олимпиадасының қорытынды жиыны өтті. Қазақстан бойынша 40-қа жуық бала жеңімпаз куәлігін алды. Бұлар енді оқуға түсіп тұр, тек ҰБТ-дан 50 балдан жоғары балл алса болды. Бәлкім, сол апат аймағындағы балалар арасында осы олимпиадаға қатысқан балалар болуы да мүмкін. Онда олар оқуға түсіп тұр.
Басқа жаңалықтар
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024
25 қараша, 2024