- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форум өтеді.
«Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форум өтеді.
2011 жылдың 22-23 сәуір аралығында сағат 10:00-де, тіркеу сағат 9:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ө.Жолдасбеокв атындағы студенттер сарайында «Қазіргі заманғы университеттегі студенттік өзін-өзі басқару: тәжірибесі, инновация және болашағы» атты халықаралық студенттік форум өтеді.
Форумға Қазақстан, ТМД, Европа елдері ЖОО студенттік ұйымдарының көшбасшылары және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Еуропа студенттер одағының Президенті Берт Ванденкенделир (Бельгия), Студенттік ұйымдар мен жастардың халықаралық достастығының төрағасы Илья Ильин, ягеллон университеті «Bratniak» студенттер мен аспираттар Қорының Президенті Гжегож Муранский қатысады.
Форумның негізгі мақсаты студенттік өзін-өзі басқару мен жастар саясаты шеңберінде үздік тәжірибе мен идеяларды қамтитын жастардың коммуникативті кеңістігін құру.
Форум шеңберінде дөңгелек үстелдер мен секциялық отырыстар, жобалардың тұсаукесері, семинар-тренингтер және студенттік өзін-өзі басқраудың жетістіктерін көрсететін көрме жоспарлануда. Сондай-ақ, қонақтар Казгуград қалашығы мен Алматы қаласының көрнекті жерлерімен таныстырылады.
Форум қатысушылары өз пікірлерін білдіріп, еліміздің қоғам қайраткерлері, халықаралық қатынастар, глобалистика салаларының сарапшылары, жастар саясаты жұмыс жөніндегі мамандарының кеңестерін ала алады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі