PR шақырады!

20 сәуір, 2011

«Сиреневый PRорыв. Коммуникационное PRобуждение» атты халықаралық дәстүрлі студенттік 9-шы PR-конференциясын ұйымдастыратын қазақстандық PR-шы клубы және ҚБҰА (Қоғаммен байланыстың ұлттық ассоциациясы) биылғы жиынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізді.

Жиынға Қазақстанның 7 жоғары оқу орындары, яғни әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, UIB, IT-университеті, ҚМЭБИ, Абылай хан атындағы ҚазҰХҚжәнеӘТ университеті, Серікбаев атындағы ШҚМТУ (Өскемен қаласы) және Аграрлық университетінің (Астана) 700-ге жуық студенті, магистранттары және докторанттары қатысты. Іс-шара «GSM Казахстан/Kcell» компаниясының және «Асем-Ай» компаниясы тобының қолдауымен өтті.

Қазақстандық PR-дың кәсіби шеберлері студенттерді мамандықтың жаңа және қызықты технологияларымен таныстырды. «Қазақстандық баспасөз клубының» президенті, «PG Communications» кампаниясының бас директоры Әсел Қараулова болашақ PR-мамандарымен көптеген кеңестерімен бөлісті. «Ренессанс» компаниясының басқарушы серіктесі Светлана Крутских мамандықтың трендтері мен болашағы туралы пікір білдірді. Ашық және есте қалатындай қылып өздерінің тұсау кесерлерін «Бриф» атты зерттеу агенттігінің президенті Александр Рузанов, мобильді маркетинг «Tuan Tuan» агенттігінің бас директоры Наиль Ахметжанов, коммуникативтік ғажап бюросының директоры Бағдат Қожахметов, «Direct PR» агенттігінің басқарушысы Жанна Прашкевич, «Тимбилдинг» компаниясының директоры Павел Токарчук, «Қазақтелеком» мекемесінің өкілі Дина Құбайжанова, «5 этаж» клиенттермен байланыс агенттігінің директоры Оксана Болдычева және т.б. өткізді. Университеттің аудиториясынан бастап студенттер қиын және жан-жақты үдеріске оңайшылықпен кіріп кете алатындарын көрсетті. Конференцияның ұйымдастыру комитеті журналистика, PR, маркетинг және жарнама бойынша ең үздік жұмыстары 3 секция бойынша көрсетілді. Қоғаммен байланыс саласындағы абыройлы мамандардың айтуы бойынша барлық проекттер жақсы және жоғары потенциалды жұмыстар. Дәлірек айтқанда жұмыстардың ішінде PR технологиямен жасалған студенттік журнал, әлеуметтік жарнама, жаңа буынның жаңа медиасы, ұлттық қазақстандық өнімдердің тұсау кесері, жетім балаларға шетел тілдерін үйрету жүйесі және т.б. тақырыптар қозғалды. Қазақстанның кәсіпқой PR мамандары қазіргі өсіп келе жатқан ұрпақты мақтан етеді. «Әлеуметтік жоба» бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қоғаммен байланыс мамандығының 1 студенттері, яғни Ақылбек Байдлаев, Асия Бишинова, Асқар Сахов, Дарын Шенгелбай және Сағыныш Өмірбекова «Open Hearts» - Предостовляя возможности каждому» ең үздік деп танылды. «PR презентация» бағыты бойынша Астананың Аграрлық университетінің студенті Александр Лучко «Student’s life» студенттік жураналымен жеңіске жетті. «Маркетинг және интернеттегі PR» бағыты бойынша IT-университетінің студенттері Мария Гареева, Ян Васякин, Элвира Каипова «PRтехнологиясының презентациясы ғаламтордағы БАҚ-тың «vIT@min» электрондық журналы бойынша алға жылжуы» атты жұмыспен бірінші орын алды. Студенттік конференцияның барлық қатысушылары сертификатпен марапатталды. Конференцияның жеңімпаздары мамырдың аяғында өтетін Қазақстандағы 7 PR Форумға қатыса алады. Ал шараның аяғында барлық қатысушылар аспанға көк шарлар ұшырды. Осындай тектес конференциялардың арқасында студенттер нақты жобаларға қатысып, болашақ жұмыс берушілермен таныса отырып, кәсіби студенттік ынтымақтастықты бекітеді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі