ҚазҰУ ректорының Деджон университеті Президентімен кездесуі өтті
20 сәуірде ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов Корея Республикасындағы Деджон университетінің президенті Енг Чул Лим, вице-президенті Генсик Ан, Деджон университетінің халықаралық бөлімінің директоры Пье Чангсунмен кездесті.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Корей Республикасындағы Пусан, Каннам, Хонгик, Донгик университеттерімен әріптестік қарым-қатынас орнатылып, күні бүгінге дейін әріптестік жалғасуда.
Кездесуге ҚазҰУ басшылығынан экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор Евгений Ан, Халықаралық ынтымақтастық департаменті, шығыстану факультетінің деканы Нұржамал Алдабек, корейтану кафедрасының меңгерушісі Наталья Ем қатысты.
Деджон университетінің президенті Енг Чул Лим ҚазҰУ-ды Орталық Азиядағы ең үздік университет деп танитындығын айтып және 1 студентті университет тарапынан тегін оқуға қабылдауға дайын екендерін айтты. ҚазҰУ тарапынан алдағы уақытта бірлесе отырып, оқу жүйесінде, инновациялық жаңа жобалар мен маман даярлауда еш кедергісіз жұмыс жасауға болатындығы айтылды.
Кездесу соңында екі жақ өзара әріптестік келісім-шартына қол қойды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі