Құқықтық олимпиада өтті

22 сәуір, 2011

әл-Фраби атындағы ҚазҰУ заң факультеті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған жоғары оқу орындарының студенттері арасында «Құқықтану», «Кеден ісі», «Халықаралық құқық» мамандықтары бойынша құқықтық олимпиада өткізілді. Құқықтық олимпиада да ЖОО-ның 12 командасы, қатысушы-студенттердің саны – 60 адам қатысты. Қатысушы командалар М.Әуезов атындағы Оңтүстік-Қазақстан Мемлекеттік Университеті, Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті, Алматы қ. ІІМ Академиясы, ҰҚК Әскери институтты, ОАУ, Абай атындағы ҚазҰПУ-ті, ҚазҰАУ-ті, Д.А.Қонаев атындағы Университеті, Каспий Қоғамдық Университеті және басқада университеттер.

Олимпиада 2 тур бойынша өтті: 1 тур – пәндер бойынша тестілеу: «Мемлекет және құқық теориясы», «ҚР Конституциялық құқығы», «ҚР Әкімшілік құқық». 2 тур – пәндер бойынша: «ҚР Қылмыстық құқық», «ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы», «ҚР Азаматтық құқық», «ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығы». Екінші турдың тапсырмасы теориялық сұрақтардан және тәжірибелік есептерді шешуден турады.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі