Ұжымды дамыту. Қалай ұйымшыл топ болуға болады?

7 ақпан, 2021

«Компьютерлік инженерия» КИ-1902 тобының мамандығының студенттерімен рухани-адамгершілік білім беруді дамыту шеңберінде «Ұжымды дамыту. Қалай ұйымшыл топ болуға болады?»тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Студенттер өзара әрекеттесу, топтық жұмыс және командалық рухтың маңыздылығын, сондай-ақ адамдар арасындағы толеранттылық қарым-қатынастың маңыздылығын талқылады. Біздің университет академиялық білімді арттырып қана қоймай, сонымен бірге әр студентке жеке тұлғаны қалыптастыруға, адамгершілік құндылықтарды сіңіруге және жас ұрпақты біріктіруге көмектесуге тырысады. Сондықтан да мұғалімдеріміз өздерінің кәсіби қызметінде студенттермен өзара іс-қимылды арттыруға, ұжымда тиімді жұмыс істеуге және айналадағыларға деген құрмет сезімін тәрбиелеуге бағытталған студенттермен жұмыс жасаудың заманауи әдістерін қолданады.


Куратор-эдвайзер:Байтенова Салтанат Амангелдіқызы

 


Басқа жаңалықтар