ҚазҰУ-да Студенттік баспасөз орталығының тұсауы кесілді

23 сәуір, 2011

22 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттік баспасөз орталығының тұсауы кесілді.

Қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған орталықта сонымен қатар Студенттік баспасөз клубы бар.

Мұнда журналистика факультетінің студенттері, университетте оқып жатқан басқа да білімгерлер бас қосып, ҚазҰУ-дың жаңалықтарнан, қызыққа толы студенттік кезеңнін тыныс-тіршілігінен хабардар ету мүмкіндігіне ие.

Білім ордасында дәріс алып жатқан жастар Баспасөз орталығында журналистік қырын дамытып, кәсіби шеберлігін арттыра алады. Журналистика факультетінде маманданып жатқан студенттер теориялық білімін осы орталық арқылы тәжірибеге енгізеді. Сондай-ақ, республикалық БАҚ өкілдері келіп жастарға шеберлік сыныптарын өткізіп, арнайы дәрістер оқуға жағдай жасалынған.

Бұл орталықта дайындалған радио хабар, теле сюжеттер ҚазҰУ теле-радио кешені арқылы әр оқу ғимараты мен жатақханаларда орнатылған телемониторлар және интернет радио арқылы таратылса, жазылған мақалалар ҚазҰУ-дың «Қазақ университеті» апталық газетінде жарияланып тұрмақ.

Тұсауы кесілген Студенттік баспасөз орталығы болашақ журналистер шығармашылығын дамытып, кәсіби шыңдай түспек.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі