Екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланбақ
26 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Түркияның Эрзинджан университетінің делегациясы сапармен келеді. ҚазҰУ ректоры, Ғалымқайыр Мұтанов қабылдайды.
Түрік делегациясының құрамы: Эрзинджан Университетінің ректоры, доктор, профессор Ильяс Чапоглу; бірінші проректор, доктор, профессор Фахри Тас; ректордың кеңесшісі, доктор Абдулкадир Кобан; доктор, профессор Альпаслан Сейлан; Үміт Атеш мырза және Ресеп Гюльмеш мызра.
Эрзинджан университеті 7 басты факультеттен құралған. Оның ішіне заң факультеті, педагогикалық, экономика және менеджмент, дінтану, медицина факультеттері кіреді, сондай-ақ университет 3 колледжден, 11 арнайы колледж және 10-нан астам ғылыми-зерттеу орталықтан тұрады.
Кездесудің мақсаты – екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылау және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Эрзинджан университеті арасында академикалық алмасу және ынтымақтастық туралы келісімге қол қою болып табылады.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі