Университет рейтингісін арттыру басты назарда

25 сәуір, 2011

Ректорат мәжілісінде ОПҚ мен қызметкерлерді бағалаудың рейтинг жүйесін енгізу барысы тыңдалды.

Бірінші проректор М.М.Бүркітбаев ОПҚ мен қызметкерлерді бағалаудың рейтинг жүйесін енгізу туралы кеңінен тоқталып, баяндама барысында оқытушы-профессорлар құрамының рейтингісіне қарай еңбек ақысына белгілі пайызда қаржы қосуды ұсынды. Бірінші проректордың баяндауынша, 0-300 аралығында балл жинаған оқытушы-профессор жалақысына - 16,2 %, 301-400 ұпайға - 24,3, 401-500

баллға - 32,4, 501-600 балға - 40,5, 601- ден жоғары - 48,6 пайыздық мөлшерде жалақысына үстем ақы қосылмақ. Университет басшылығы бұл көрсеткіштердің ұстаз беленділігін арттырып, ұжымдық жауапкершілікті күшейте түсуіне ықпал ететіндігіне үміт артты. Сондай-ақ, оқытушы-профессорлардың рейтингісінің артуына қолдау болып, ол өз кезегінде ҚазҰУ беделін асқақтатпақ.

Сонымен қатар Ректоратта Баспа ісі және БАҚ дизайны кафедрасының моделі туралы ақпарат тыңдалды. Кафедра меңгерушісі Сағатбек Медеубекұлы заманауи бағытта даму үлгісін ұсынып, инновациялық жобаны айтты

Бұдан кейін Ректорат Қаулыларының орындалуы мен университет қызметкерлерінің шетелдік іс-сапарлары туралы есептері тыңдалды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі