ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АШЫҚ МӘЖІЛІСІ

9 ақпан, 2021

 

 

     2021 жылдың 8 ақпанында қалыптасқан дәстүр бойынша ректорат мәжілісі ашық түрде онлайн форматта өтті. Ашық мәжілісті Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің бүкіл қызметкерлері YouTube арнасынан тікелей эфирден көре алды.  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, т.ғ.д, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мұтанов Ғалымқайыр Мұтанұлы соңғы 10 жыл атқарған қызметі жөнінде есеп берді. Есеп барысында университеттің 10 жылда жеткен жетістіктері айтылды. Сондай-ақ, алдағы жылдарда орындалатын жобалар туралы айтып өтті. Эфир барысында ректор қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап берді.