әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» республикалық газетінің күндері» өтеді

3 ақпан, 2009

Алматы қаласы  

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

15 қабат
           

12 қарашада сағ.9.30-да әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Казахстанская правда» газетінің күндері» атты фестивалінің ашылу салтанаты өтеді.

Аталмыш фестиваль алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Маңызды оқиғаға деген дайындық жұмыстары «Казахстанская правда» газетінің белсенді журналистерінің мастер-кластарын өткізуімен басталды. Университетте қазан айының соңында газеттің жаңа келбеті, жұмыстың дәстүрлі әдістері мен пішіндеріне арналған студенттердің ғылыми конференциясы өтті. Журналистика факультетінде «Казахстанская правда» газетінің баяндамалары, тарихи-тақырыптық көрмелері дайындалды. Фестивальдың мақсаты - тәжірибедегі және оқып жүрген журналистердің байланысын нығайту.

«Казахстанская правда» республикалық газеті сенімді әрі салмақты ақпаратты таратумен ерекшеленеді. Оны басылымның бай тарихымен, шебер журналистердің ұжымдық жұмысы мен газеттің нақты бір сапалы журналистік ұстанымы: яки, өмірді жан-жақты көрсете білуімен түсіндіруге болады. Әр жылдары газет басшылығы мен редакция ұжымында А. Лежава-Мюрат, Мате Залка, П. Варламов, Николай Анов, Ольга Берггольц, Андрей Кияница, Федор Михайлов, Марат Барманқұлов, Альберт Устинов, Григорий Дильдяев, Анатолий Гурский, Олег Квятковский сынды білікті мамандар қызмет етті. «Казахстанская правданың»  негізгі тірегі саналатын Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлектері бүгінгі күнге дейін осы дәстүрді жалғастырып келуде.

Салтанатты кездесуде ҚазҰУ  ректоры, академик Б.Т. Жұмағұлов пен «Казахстанская правда»  АҚ-ның президенті А.Ю. Тараков арнайы меморандумға қол қояды. Бұл келісім мемлекеттің бас ұлттық университеті мен басты ұлттық газеттің қызметтестігін куәландырмақ. Келісімге сәйкес журналистика факультетінің студенттері «Казахстанская правда» газетінің «Жастар бетін» әзірлеуге көмектеседі, ең үздіктерінің редакция ұжымында тәжірибе жинақтауға мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар екіжақтың ортақ акцияларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Соның бірі ауыл мектептеріне барып, оқушыларды жеке басылымдар мен он-лайн-газеттерін шығаруға үйрету.

Фестиваль қонақтары "КазПравда" фототілшісі Юрий Беккердің фотогалереясын тамашалай алады.

Кездесу әрі қарай қатысушылардың «Қазақстан ақпарат кеңістігіндегі «Казахстанская правда» жалпыұлттық республикалық газеті» тақырыбында өтетін «дөңгелек үстелмен» жалғаспақ. Оған арнайы шақырумен "Казахстанская Правда" газетінің жетекші журналистері, журналистика факультетінің серіктестері - ЮНЕСКО және БҰҰ өкілдері, факультеттің оқытушылары, магистранттары, докторанттары мен студенттері қатысады.

Сіздерді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да өтетін «Казахстанская правда» газетінің күндеріне» шақырамыз!

 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

(727) 247-05-67