- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс докторанты педагогикалық тәжірибесін бастады
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс докторанты педагогикалық тәжірибесін бастады
2021 жылдың 1 ақпан күнінен бастап Экономика және бизнес жоғары мектебі «Менеджмент» кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 1 курс докторанты Қуандық Жасұлан Бостандықұлы педагогикалық тәжірибесін бастады. Жасұлан Бостандықұлы 2 курс студенттеріне «Экономиканы мемлекеттік реттеу» сабағынан лекциялық және семинар сабақтарын өткізуде. Атап айтар болсақ, ««Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 2 курс топтарына сабақ өтуде. Сабақ барысында Жасұлан Бостандықұлы өзіндік тәжірибесімен бөлісіп, студенттердің пәнге деген қызығушылықтарын оятып, студенттермен ашық пікір алмасу методикаларын қолдануда.
Алдағы уақытта Жасұлан Бостандықұлы аталмыш топтарда «Экономиканы мемлекеттік реттеу» сабағынан ашық сабақ өтуді жоспарлауда.