ЖИ және Big Data кафедрасында профессор Октавиан Постолакемен ғылыми семинар

9 ақпан, 2021

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында ЖИ және Big Data кафедрасында онлайн семинар өткізілді (https://kaznu.kz/). Семинарда Автоматтандыру және Internet of things мамандығының 2 курс докторанттары Турсынова А. «Терең білім негізінде ми бейнесін талдау арқылы инсультты диагностикалау» және Аженов А. «Жасанды интелектті қолданып пациенттердегі жұқпалы аурулардың медициналық диагностика әдістерін құру» тақырыптарымен сөз сөйледі. Семинарға Потугалиядағы Лиссабон университетінің телекоммуникация институты, технологиялар және сәулет мектебінен, шақырылған шетелдік профессор, докторанттардың шетелдік ғылыми жетекшісі, техника ғылымдарының докторы, профессор Октавиан Постолаке (https://www.iscte-iul.pt/conteudos/iscte/about-us/541/about-iscte), ЖИ және Big Data кафедрасының меңгерушісі Мансурова М.Е., аға оқытушы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы PhD Омаров Б. С., сондай-ақ 1 және 2 курс докторанттары қатысты.