Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ математика және механика ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғылыми қызметкері, PhD докторы, механика кафедрасының доценті Беляев Ержан Келесұлы, сараптама комиссиясының бағалау нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Постдок» ғылыми гранттары байқауының жеңімпазы атанды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ - бұл постдокторлық бағдарламаны ашқан Қазақстандағы алғашқы университет. Бұл маңызды қадам университетті әрі қарай әлемдік деңгейдегі озық зерттеу университетіне айналдыруға және әлемдік ғылыми және білім беру қоғамдастығындағы қазақстандық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. https://www.kaznu.kz/ru/19427/page/
Конкурстың жеңімпазы, PhD Ержан Келесұлы Беляев жаңартылатын энергия көздері саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысып жүрген жас ғалым, механика кафедрасының түлегі.
Оның постдокторантурадағы негізгі мақсаты - жаңартылатын энергетика технологиялары, атап айтқанда, күн жылу энергиясы, жылу сорғысы технологиялары, тұщыландыру қондырғылары саласындағы ғылыми зерттеулер бойынша күшейтілген және тереңдетілген ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысу. Зерттеу нәтижелерін импакт-факторы жоғары рейтингтік журналдарда жариялау сапасын арттыру, докторанттар мен магистранттарды даярлау, осы салада зертхана ашу, бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Әр түрлі мүдделі тараптарды (ЖОО, бизнес, министрліктер мен ведомстволар, қауымдастықтар және т.б.) тарта отырып, пәнаралық тәсілді енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізу. Әрі қарай коммерцияландыру үшін жаңартылатын энергия технологияларын іздестіру, техникалық-экономикалық негіздеулер жүргізу және нарыққа шолу жасау. Рейтингі бар аналитикалық шолушыларда ғылыми мақалаларды жариялау. Компьютерлік алгоритмдер мен лицензияланған бағдарламалық жасақтаманы қолдана отырып, ЖЭК жүйелеріндегі физикалық процестерді математикалық және сандық модельдеу, нәтижелеерін патенттеу, стандарттау және сертификаттау.
Ержан Беляевтің отандық ғылыми кеңесшісі физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Айдархан Қалтаев. (Айдархан Қалтаев, h индексі 8 Scopus)
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=55998788000
Шетелдік ғылыми кеңесшілері - Индустан инженерлік-технологиялық колледжінің профессоры Моханраж Муругесан (Mohanraj Murugesan, h индексі 23 Scopus). https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=57221318387 ,
және Лондондағы Queen Mary Университетінің профессоры Хуашенг Ванг (Хуашенг Ванг, h индексі 24 Scopus)
https://www.scopus.com/authid/detail.uri?authorId=9536125200
Бүгінгі күні Е.К. Беляев механика кафедрасының жас ғалымдары, докторанттары мен магистранттарынан құралған ғылыми тобын құрды.
Жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін ҚазҰУ-дың постдокторантура бағдарламасы Ержан Келесұлына кәсіби біліктілігін арттыруға, лайықты ғылыми кадрларды даярлауға, тәуелсіз зерттеулер жүргізуге,зерттеу нәтижелерін эксперименттік жобалық-конструкторлық тұрғыдан жетілдіруге және әлемнің жоғары рейтингті ғылыми басылымдарында жариялауға мүмкіндік береді деп сенеміз.