Таланттардың талабы шыңдала түсуде
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті кілең таланттарды шыңдайтын оқу орыны екені ежелден көпшілікке мәлім. Республиканың басқа оқу орындарынан осы университетке түскісі келетін талапкерлер санының жылдан жылға көбейе түскені де соның бір дәлелі.
Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің магистратурасында оқитын Наргиза Аршидин 2019 жылы Сулейман Демирель атындағы университетінің журналистика мамандығын бітірген. 3 курстан бастап "Жұлдыздар отбасы" және "Аңыз адам" журналына мақалалар жазып, штаттан тыс жұмыс істей бастаған талантты қызды 4 курста ресми түрде жұмысқа қабылдаған. 2020 жылдан бастап Baribar.kz порталының журналисі болып қызмет атқарып жүрген ол оқуды тәжірибемен табысты ұштастыруда. Оқуында да үздік. Сұхбат, сторителлинг, лонгрид форматында мақала жазуға маманданып жүрген Наргиза сонымен бірге The Steppe редакциясында аударма ісі және бейнероликті дыбыстаумен айналысуда. Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін меңгерген. Көркем шығармашылықпен де шұғылданады, мысалы бір әңгімесінде: «34 жастағы Бота балалар үйінде өскен. Кішкентай кезінде қойылған "ақыл-ойы кем" деген жалған диагноз оған басқалар сияқты оқу оқып, тұрмысқа шығып, ана атануға мүмкіндік бермей келді. Анықтаманың кесірінен Бота мүгедектер үйіне түсіп, одан кейін бір үйден екіншісіне көшіп, 16 жыл құлдықта өмір сүруге мәжбүр болған» ,-деп жазады. Ботаның қиын тағдыры, көрген зәбірі және құлдық өмірден қалай құтылғаны жайлы нанымды сипатталған. Baribar.kz сайтында жарияланған осы шағын шығармасын оқушылар саны да артқан.
Ал, Жакенбаева Мадина 2016 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасына грантқа қабылданады. Университет қабырғасын ең алғаш аттаған кезден-ақ студенттік өмірге белсене аралса бастаған. Жатақхана старосталарының құрамында, кафедрада «Студенттік өзін-өзі басқару» ұжымының жұмыстарына белсене араласқан. 2020 жылы университет қабырғасын «Үздік дипломмен» аяқтап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне журналистика мамандығына тапсырып, грант иегері болған Халықаралық Жайдарман жобасында "Супер лига" чемпиондары Апорт жайдарман тобында, Алматы қаласы университет аралық «JaidarmanLife» жобасының жүлделі II орын иегерлері «Apple» құрамасында марапатталған. Абай жылына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда 3-орын алған.
Міне, осындай талантты жастар қатары жылдан жылға көбейіп, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті олардың шыңдала түсуіне мүмкіндік жасауда.
Клара Қабылғазина