Сіздің жазғандарыңыз кейіпкерлеріңізге қандай да бір әсер ете ме?

10 ақпан, 2021

Қандай мақала болса да, онда кейіпкер немесе оқиғаға себеп болған адамның есімі болады. БАҚ туралы заңда кейіпкердің немесе студия қонағының рұқсатынсыз ол адамға байланысты ақпаратты жариялауға болмайды. Демек жазған мақала болсын, дайындаған хабарыңыз болсын, кейіпкердің жеке басына залал келтірмейтін, теріс пікір қалыптастырмайтын түрде болуы қажет.

Мен мақала жазсам және оған кейіпкерлердің аты-жөндерін қосып, өз зерттеулерім бойынша ақпарат беріп жіберетін болсам, ол мақалаға негіз болған кейіпкерге қандай да бір әсерін тигізуі мүмкін. Мәселен, мен ол адамның отбасына ғана мәлім, халыққа айтқысы келмейтін ақпараттарын білместікпен жарияласам, кейіпкер бұл әрекетті дұрыс қабылдай алмауы мүмкін. Мейлі ол журналистік зерттеу жүргізіп, соның нәтижесінде ақпарат дайындап, жарыққа шығара берсін, бірақ сол деректердің ішінде адамның жеке басына немесе отбасына ғана қатысты дерек болса, ол жазба кейіпкерге қандай да болмасын өз әсерін тигізеді.

Халыққа қызықты әрі өтімді тақырыптардың бірі өнер адамдары мен жұлдыздардың жеке өмірі туралы дерек. Сондай-ақ бұндай тақырыптағы әңгімелер қызу талқыға түсетіні де белгілі. Сондықтан да болу керек өнер адамдары өздеріне қатысты үш дерек айтса, соның екеуін жарияламауды сұрайды. Сол ақпараттың халық арасында тез таралып, талқыға түскенін қаламаса, демек журналисте өз жазбасына сол деректерді қоспауы қажет. Егер мақаласын немесе сұхбатын қызықты еткісі келсе, құпия болып қалу керек ақпаратты жанай қызықты дерек немесе мысал келтіріп өту арқылы, шешімін табуына болады. Алайда, кейіпкердің өтінішін елемей, ашық түрде толық деректі ұсынуға болмайды. Олай жасауға болмайтыны сауатты журналистерге айдан анық деуге болады. Себебі кез-келген сауатты журналист өз мамандығына қатысты заңды, осы тұрғыда БАҚ туралы заңды білетіні сөзсіз.

Заңды біле тұра, әдейі құпия ақпаратты тарататын болса журналистке сөгіс жарияланады немесе жұмыстан босатылады. Әрбір жеке тұлғаның басында көпшілікпен бөліскісі келмейтін, құпия сақтайтын ақпараттары болады. Сұхбат берушілер сұхбат барысында ашық әңгіме өрбіген сәтте өз сырларын айтып қоюы мүмкін. Дегенмен, кейін сол сәтті эфирге ұсынбауын өтінсе демек ол дерек халыққа ұсынылмайды.

 

Маханбетова Аяжан, 302 – топ