"Онлайн оқу" тақырыбында "Қазақстан-Қырғызстан"
![](/storage/news/23264_large.jpg)
ҚазҰУ шет тілдер кафедрасының аға оқытушылары У.Б. Әділбаева мен Г. А. Гайипова "Онлайн оқу" тақырыбында "Қазақстан-Қырғызстан" телекөпірін ұйымдастырды. Іс-шараға ҚазҰУ-дың "Ақпараттық технологиялар" факультетінің бірінші курс студенттері және Қырғыз-Түрік "Манас" университетінің студенттері қатысты. ҚазҰУ студенттері Қырғызстандық достарымен екі университеттің бейнероликтерін көрді, содан кейін қатысушылар пікір алмасуға және бір-біріне пандемия кезінде онлайн оқыту кезіндегі өздерін қызықтыратын сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды.
Олар оқытудың бұл түрінің артықшылықтары мен кемшіліктері туралы ой-пікірлерін ортаға салып, пікірталаста жақсы белсенділік танытты. Телекөпір өте қызықты, мазмұнды өтті және әр студент осы телекөпірден өзі үшін пайдалы нәрсе ала алды. Телекөпір Google Meet платформасында ұйымдастырылды.
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)