Глоссалар мен мәтіндердегі сөздердің тарихы
2021 жылы 12 ақпанда филология және әлем тілдері факультетінде филология ғылымдарының докторы Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызының «Глоссалар мен мәтіндердегі сөздердің тарихы» тақырыбында профессорлық сағаты өтті.
Профессор үш негізгі сұраққа тоқталды:
1) мектептегі, университеттегі, аспирантурадағы / докторантурадағы тәлімгерлер;
2) зерттеу тақырыбы: глоссаларды іздеу идеясынан бастап жазбаша дереккөздерді талдауға дейін;
3) қазіргі қазақстандық лингвистиканың зерттеу парадигмасындағы проблемалық мәселелер.
Дәріс беруші өз сөзін тәлімгерлер мен ізбасарларға арнаудан бастады, ары қарай тарихи таным мен тілдік байланыстардың көрінісі ретінде глоссалар жазушылардың, санақшылардың, аудармашылардың сөз семантикасын іздеуде куәгері болатын ерекше феномен екендігіне аса назар аудара отырып, диахрониядағы терминдер мен сөздердің өміріне қатысты өзінің бақылау-зерттеулерімен бөлісті.