Әл- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара өтті.
90 жыл... Поэзия дарасы, қара өлеңнің қасиетін ұғынған Тәңірдаудың мұзбалағына биыл 90 жыл. Зымырап өткен уақыт... Десекте, Мұқағали атамыз салған сара жол әлі күнге дейін жандануда. Оның дәлелі күні бүгін Журналистика факультеті, қоғаммен байланыс мамандығының 3 курс студенттері өткізген “Соғады жүрек” іс-шарасы.
Іс-шара бұрын соңды болмаған, ерекше форматта өткізілді. Ақынмен жан сырласып, қара өлеңдерін қайта тірілткен студенттер бар өнерлерін ортаға салды.
Кеш халқына өлеңдерімен донор болған ақынның «Болашаққа жазған арызым” өлеңі Әлжан Сымбаттың орындауымен басталды.
Аружан Абихан, Ұлдай Дауылова, Кеңесбек Шолпан, Асқар Алуа, Құрмантаева Шынайым және Елдана Тоқтар атты жалынды жастарымыз өнер көрсетті.Одан бөлек, “tapSAY” және “aitSAY” деп аталатын жаңа тенденция ойындарын өткізіп, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали жырлары жылдан -жылға, ғасырдан- ғасырға жалғаса бермек! Мұқағали – мәңгілік өмір!
Басқа жаңалықтар
19 қараша, 2024
19 қараша, 2024