Куратор-эдвайзерлер мектебінің» кезекті дәстүрлі семинары

14 ақпан, 2021

əл-Фараби атындағы ҚазҰУ Тəрбие жұмысы департаментінің ұйымдастыруымен «Куратор-эдвайзерлер мектебінің» кезекті дәстүрлі семинары биылғы жылы ерекше түрде онлайн форматта өтті.

Вебинарды философия және саясаттану факультетінің жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті Е.К. Қалымбетова «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы студенттің өмірлік тұрақтылықтарын қалыптастыру» тақырыбында жүргізді. Семинар барысында тұрақты тұлға психологиясы, яғни студенттер мен оқытушылар арасындағы қарым-қатынас пен байланыстың психологиялық аспектілері туралы сөз қозғалды.

Психологтар «тәуекел тобынан» арнайы студенттерді қалай анықтау керектігін және студенттер тобының эмоционалды фонын қалай байқауға болатындығы бойынша куратор-эдвайзерлерге кеңестерін берді. Кураторлар студенттерге дос, екінші ата-ана болып, студенттер әрқайсысының қамқорлығын сезініп, өздерінің академиялық көрсеткіштерін әр түрлі жолмен арттыру бойынша кеңес алады. Сондай-ақ кураторлар студенттердегі жағымсыз факторларды уақытында анықтауға және ондай студенттерге міндетті түрде психологиялық қолдау көрсету туралы мағлұматтар алды.

Кураторларға «Қашықтықтан оқыту жағдайында өзін-өзі дамыту технологиялары» ұсынылып, түрлі қызықты жаттығулар жасалды.