Ұжымдық монография «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII- начало XX вв.)»

16 ақпан, 2021

Археология, этнология және музеология кафедрасының профессор-оқытушы құрамы Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен ғылыми зерттеу жұмыстарын ғана емес, сондай ақ, кадр дайындауда да бірлесе отырып жұмыстар атқаруда. Аталған институт біздің студент, магистрант, докторанттарымызға жұмыс беруші ғана емес, сонымен қатар мамандармен бірлесе отырып зерттеу жұмыстарын жүргізіп, еңбектер жазады. Соның бір айғағы жақында Этнология, этнография және антропология бөлімі жетекшілігімен шыққан «Инкорпорированные и внежузовые группы в составе казахов (XVIII- начало XX вв.)» деген еңбегі. Аталған ұжымдық еңбекте қазақтар құрамындағы кірмелер мен жүздерге кірмейтін топтар (XVIII- XX ғасырдың бас кезеңі), олардың әлеуметтік-саяси жағдайына мемлекеттік саясаттың ықпалы мәселелері қаралды. Ұжымдық монографияға Археология, этнология және музеология кафедрасының профессорлары А.Б. Қалыш, Б.К. Қалшабаева қатысты.