ӘЛЕМДІК ЗЕРТТЕУЛЕРГЕ ҚАДАМ ЖАСАЛДЫ
Бүкіләлемдік журналистика зерттеулері - Worlds of Journalism Study Association (WJS) 2010 жылы құрылған әлемдегі журналистиканың ахуалын тұрақты бағалайтын академиялық жобаға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультеті ғалымдары ғаламдық зерттеулер жүргізу иақсатында қосылып отыр. Бұл ғаламдық зерттеу тобы бүгінде 110 елдің журналистика ұйымдарының басын біріктірген. Зерттеудің басты мақсаты – журналистер, репопертерларға жұмыс бабында қойылатын шарттар, шектеулерге қатысты кәсіби көзқарастары, дүниетанымындағы өзгерістерді жақсы түсінуде, сондай-ақ әлемдегі пандемия жағдайында журналистиканың әлеуметтік функциясын айқындау болып саналады.
Алғашқы пилоттық зерттеулер 2007-2011 жылдарды қамтыса, келесі толқыны 2012 – 2016 жылдардың арасында жүргізілді. 2020-2022 жылдарды қамтитын WJS үшінші толқын зерттеулеріне 110 елдің ішінен Қазақстан ғалымдары алғаш қатысуда. Бұл елімізде журналистиканың ұлттық ерекшелігін жаһандық деңгейде танытуға жаңа жол ашады.
Профессор К. Қабылғазина