М.К. БАРМАНҚҰЛОВ ОҚУЛАРЫНА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

17 ақпан, 2021

2021 жылдың 4- наурызында студенттер мен жас ғалымдарға арналған «ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты Барманқұлов оқулары аясында ең үздік студенттік теле-жобаларға, тележурналистика мен радиожурналистика және электронды БАҚ, заманауи бұқаралық коммуникация құралдары, сандық технология салалары бойынша ұсынылған ғылыми-зерттеу жұмыстарына байқау жарияланады.

Байқауды ұйымдастыру мақсаты - студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми ізденісін арттыруға, телерадиожурналистика бағытындағы шығармашылық ойлары мен жаңаша идеяларын жүзеге асыруға ықпал ету.

Байқау міндеттері - алдағы уақытта Барманқұлов оқуларын өткізуді дәстүрге айналдыру, қазақ тележурналистикасының теориясы мен тәжірибесінің негізін қалаған ғалым-профессордың өмір жолы мен ұлттық телевизияны дамытуға қосқан ерекше үлесін болашақ ұрпаққа таныстыру, кемеңгерлігі мен қайраткерлігін, азаматтық ұлттық позициясы мен ұстаздық дара тұлғасын, адамгершілігі мен парасаттылығын академиялық ортада, көпшілік қауымға кеңінен насихаттау.

Байқаудың номинациялары:

-          Ең үздік деректі фильм; 

-          Ең үздік тележоба; 

-          Ең үздік бейнеролик;

-          Ең үздік аудиоролик;

-          Ең үздік телебағдарлама;

-          Ең үздік радиобағдарлама;

-          Ең үздік телесюжет;

-          Ең үздік радиорепортер;

-          Ең үздік комментатор;

-          Ең үздік ғылыми жұмыс.

           Жалпы ережелер

           1.Қазақстан жоғары оқу орындарының журналистика факультеті студенттері арасында «Жас репортер» атты Барманқұлов оқулары аясында ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмысы мен тележурналистік шығармашылыққа, тележурналистика мен радиожурналистика, қазіргі электрондық медиа мен сандық технологиялардың ұлттық және жаһандық ақпараттық кеңістікте дамуы, ҚР мен әлемдік ақпараттық қоғамның проблемалары мен таяу болашағын саралауға арналған ғылыми-зерттеу жобаларына байқау 2021 жылдың 20 – 28 ақпан аралығында өтеді.

Материалдардың қабылдануы мерзімі – 2021 жылдың 28 ақпанына дейін Akynbek75@gmail.com электронды почтасына жолдайсыздар.

Байқау нәтижелері 2021 жылдың 3 наурызында шығарылады.

Байқауды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы ұйымдастырып, жариялайды.

Әділқазылар алқасы

Әділқазылар алқасы құрамына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушы-профессорлары, журналистер, тележурналистика мен электронды бұқаралық коммуникация салаларында қызмет ететін белгілі қоғам қайраткерлері қатысады.

Ең үздік жұмыстар әділқазылар алқасы мүшелерінің шешімімен іріктеледі.

Негізгі талаптар:

«ХХІ ғасырдың жаңа медиа-ландшафты» атты Барманқұлов оқулары аясында ұсынылатын ең үздік студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстары, телепублицистік шығармашылық жетістіктер мен ғылыми-зерттеу жобалар байқаудың мақсаты мен міндеттеріне сай болуы шарт.

Марапаттау:

Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, қатысушыларға сертификат беріледі.

       Ғылыми жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:

       Ғылыми жұмыстардың бір данасы талапқа сай қағаздық, ал тележобалар CD дискілік нұсқада жазылып ұсынылуы тиіс.

       Ғылыми жұмыстар мен жобалар төмендегідей талаптарға сай болуы тиіс:

1.Ғылыми жұмыс (мақала) мәтіні 20-40 бет көлемінде және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы тиіс. Кесте, схемалардың, суреттердің өз атауы болуы және Windows аясында терілуі тиіс.

2. Парақтың параметрлері: жоғарғы жағы-2 см, төменгі жағы -2см, сол жағы-3см, оң жағы 2 см.

3.Шрифт: Times New Roman, Kz Times New Roman, кегль-14.

4. 1 - Аралық интервалмен. Жаңа жол: 1,25 см.

5. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан ғылыми жұмыстың материалдары беріледі.

6. Әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстың соңында және тізім тәртібіне сәйкес жазылады.

       Ғылыми жұмыста әдебиеттер тізімі «квадратты» жақшада әдебиеттер тізіміндегі автордың еңбек нөміріне сәйкес қойылады. Сілтемені қолданғанда қайнар көздің бетін көрсету керек. Мысалы: [ 1, 256 б].

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор               Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессор: Барлыбаева Сауле,

моб: 8-777-338-61-32      

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Конференцияның жеке идентификаторы 992 1987 0457

Код : 16022021