«КӨКТЕМ МЕРЕКЕСІ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТКІЗІЛДІ
2021 жылдың 17 ақпан күні қытайтану кафедрасы, шетел филологиясы мамандығының 3-курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Көктем мерекесі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Кештің мақсаты жыл сайын атап өтілетін Қытай жаңа жылының тойлануын, салт-дәстүрлерін, олардың ерекшеліктерімен таныса отырып, студенттердің мәдени өрісін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру болды.
Кештің қонақтары ретінде қытайтану кафедрасының оқытушылары Шәріпқазы Нұртәліп және Матай Бұлбұл қатысты. Қытай жаңа жылының әлемде басқа да мемлекеттер атап өтетінін, әрі ең керемет тойланатын мереке екенін айтып, алуан түрлі, қызықты деректер баяндалды.
Мерекелік іс шара жалпы төрт кезеңнен тұрды:
- Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде өткен жылы Қытайға академиялық мобильдік бағдарлама бойынша білім алып келген студенттермен ой тарқату өткен болатын. Студенттер Қытай мәдениетінің ерекшелігі туралы, өздерінің алған әсерлері туралы баяндап берді.
- Келесі кезеңде Қытай жаңа жылы туралы толыққанды ақпарат беру мақсатында слайд шоу көрсетілді. Бұл кезеңде мерекенің қанша күн тойланатыны туралы, салт-дәстүрлері туралы ерекше аталып өтті.
- Үшінші кезеңде кешіміздің қонағы қытайтану кафедрасының оқытушысы Матай Бұлбұл Қытай жаңа жылы тақырыбында дайындаған баяндамасын жасады.
- Соңғы қорытынды кезеңде Қытай жаңа жылы туралы бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, студенттермен берілген ақпарта бойынша кері байланыс алу мақсатында Kahoot бағдарламасы арқылы ойын ойнатылды.
Кеш соңында қонақтарымыз Нұртәліп Шәріпқазы, Бұлбұл Матай ұстаздарымыз өздерінің пікірлерін, аталып өткен кештің жақсы дәрежеде өткенін айтып, ризашылықтарын білдірді.