БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ ДЕКАНЫ, ПРОФЕССОР, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ЗАЯДАН БОЛАТХАН ҚАЗЫХАНҰЛЫНЫҢ 60 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

22 ақпан, 2021

Биология және биотехнология факультетінің деканы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Заядан Болатхан Қазыханұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Қоршаған орта биотехнологиясы және биоэнергетиканың аспектілері мен инновациялары» деген тақырыпта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми кітапxанасында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияда экологиялық биотехнологияның дамуына орасан зор үлес қосқан отандық және шетелдік ғалымдардың баяндамалары тыңдалды.

Олардың ішінде белгілі ғылым докторлары, профессорлар Жубанова А.А., Мансуров З.А., Саданов А.К., Жамбакин К.Ж., Бисенбаев А.К., Канаев А.Т., Нуржанова А.А., Абжалелов А.Б., Бигалиев А.Б.

Аталған Конференция екі секция шеңберінде біріктірілген мәселелердің кең ауқымы бойынша әлемдегі биотехнологиялық трендтердің қорытындысын шығаруға мүмкіндік берді:

* Қоршаған орта биотехнологиясының аспектілері, инновациялары мен жетістіктері

* Биоэнергетиканың инновациялары мен жетістіктері

Конференцияны өткізу нәтижелері бойынша пленарлық және постерлік баяндамалардың жоғары деңгейін, Қазақстандағы қоршаған ортаның биотехнологиясы саласындағы зерттеулер жарияланымдарының деңгейінің өсуін атап өту қажет.

www.kaznu.kz