2008 жылдың 14-қарашасында химия факультетінде орналасқан Ғылыми кеңестің мәжіліс залында Ресей клубының «Химия ғылымындағы орыс тілінің маңызы мен орны» атты кезекті мәжілісі өтті. Мәжілісті дөңгелек үстел төрінде орыс тілі кафедрасының ф.ғ.к., доценті Р.М. Мейрамғалиева ұйымдастырды. Дөңгелек үстелге химия, география, философия және саясаттану факультеттерінің студенттері, сондай-ақ орыс тілі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Қ.К. Ахмедьяров пен ф.ғ.к., доцент Х.С. Мухамадиев қатысты. Аталған шарада химия факультетінің 1-курс студенттері қамтылды: Күнісбекова Ғалия мен Естемісов Елжан дөңгелек үстелді жүргізсе, Рысмағамбетова Айна, Байбақтина Айдана мен Оспанова Жұлдыз осы тақырыпта дайындалған хабарламаларымен дөңгелек үстелдің мазмұнын ашты. Хабарламадан кейін студенттер мен оралман-студенттер орыс тілінде тақырып бойынша өз пікірлерін ортаға салды. Әрі қарай дөңгелек үстел ең үздік өлең мен ең үздік газет, сондай-ақ өнер нөмірлерінің байқауларына ұласты. Аталған шара орыс тілінде орындалған көңілді әнмен өз мәресіне жетті.
Тілдерді дамыту бµлімі.