- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ашық кураторлық сабақ «100 кітап» аясында У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясы
Ашық кураторлық сабақ «100 кітап» аясында У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясы
ЖИ және Big data кафедра оқытушысы Баратова Ләззат 3 курс студенттерімен алтыншы семестрдің үшінші кураторлық сабағын У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» атты трагедиясымен кураторлық сабақ өткізді.
Студенттер кураторлық сабақ барысында У.Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» трагедиясын талдады. Олар өз пікірлерін білдіріп, өз ұстанымдарын қорғап, дәлелдеді. Бұл туынды қазақ әдебиетіндегі ұқсас сюжеттермен салыстырылды. Кураторлық сабақ өз мақсатына жетті.
Кураторлық сабақты қоратындылай келе, топ эдвайзері Баратова Ләззат «Ромео мен Джулеттаны жазған автор Шекспир ұлттық мәдениет пен ағылшын тілінің қалыптасу үдерісін аяқтайды және оның шығармашылығы еуропалық Қайта өрлеу дәуірінің қасіретті қорытындысын шығарады. Кейінгі буынның жадында Жаңа уақыттың бастауында оның адами тұрпаттары мен өмірдегі оқиғалар галереясын жасаған бәрін қамтыған алып данышпан ретінде Шекспирдің бейнесі қалыптасты. Шекспирдің пьесалары күні бүгінге дейін әлемдік театр репертуарының негізін құрайды. Олардың көпшілігі әлденеше рет кино мен теледидар үшін экранға шығарылды» - деген сөздерімен қорытындылап, сабаққа қатысқан студенттер алғыс айтып, суретке түсумен кураторлық сағатты аяқталды.