- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Азаматтық ізгілік қоғамын қалыптастыру» жоба аясындағы «Жеті атасын білу-тектіліктің кепілі» атты онлайн тәрбие сағатының
«Азаматтық ізгілік қоғамын қалыптастыру» жоба аясындағы «Жеті атасын білу-тектіліктің кепілі» атты онлайн тәрбие сағатының
2021 жылдың екінші ақпанында «Азаматтық ізгілік қоғамын қалыптастыру» жобасы аясындаға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің физика-техникалық факультетінде плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының куратор-оқытушылары мен электр энергетикасы мамандығының магистранты Молдырақым Н.Б. және де электр энергетикасы мамандығының 3-курс студенттерімен ұйымдастырылған «Жеті атасын білу-тектіліктің кепілі» атты ашық онлайн тәрбие сағаты өткізілді.
Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат:
•Жеті атаны білу арқылы өзіңді тану.
• Атадан үлгі-өнеге,тәлім-тәрбие алу.
• Ата текті құрметтеу, ұрпақ жалғастығы, отбасы құндылығы және тектілік туралы ұғымды ұғыну.
• Өзінің кім екенін , ағайын-тумаларының қайдан шыққанын білгізу, ұрпаққа шежіре үйрету, шығармашылыққа баулу.
• Ата - баба аруағына тәу етіп, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Бұл іс-шара жаңа онлайн форматта, жаңа замануи технологияларды пайдалана отырып қызықты әрі тартымды өтілді. Тәрбие сағатымызда жеті ата ұғымын жіті түсіндіріліп, шежіремізбен таныстырылды. Жеті ата аталу себебі түсіндірілді. Студенттер жеті аталарын айтып, белсенді қатысып отырды. Іс-шарамызға қатысқан ұстаздар және студенттер алған әсерлері мен ойларымен бөлісті.