Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі
Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасында ашық тәрбие іс-шаралары өткізіледі. Қазақ және орыс тілін оқитын шетелдік студенттер біздің еліміз туралы: тарихтың негізгі кезеңдері, мәдениет, өнер, көрнекті тұлғалар, мемлекеттің бүгінгі өмірі туралы және тағы басқа қызықты болуы мүмкін мәселелермен танысып отырады. Биылғы жылы осындай іс-шаралардың барлығы ерекше мәнге ие, өйткені олар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. "Мемлекеттік рәміздер – елдіктің белгісі" атты "Қазақстан тану" және "Саяхат" клубтарының басшылары мен кураторлардың ұйымдастыруымен кезекті танымдық факультеттік іс-шара өтті. Студенттер еліміздің Елтаңбасы, Туы және Әнұранының тарихымен танысуға мүмкіндік алды. Көрермен-тыңдаушыларға көрсетілген көрнекі құралдар мұғалімдердің әңгімесін айқын суреттеді.