- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел
«Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел
Қазақстан Республикасының экологиясын қалпына келтірудің түбегейлі қажеттілігіне байланысты «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымының белсенділері халықаралық антиядролық қозғалыс «Невада-Семей» ұйымымен бірлесе отырып 28 ақпанда «Невада-Семей» «Қазақстан Республикасының экологиясын қалпына келтірудің түбегейлі қажеттілігіне байланысты «Невада-Семей» қозғалысының алға қойған міндеттері» тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел барысында Семей ядролық полигонындағы жарылыстардың тарихы, «Невада-Семей» қозғалысының 32 жылдан астам уақыт ішінде жеткен жетістіктері қарастырылды.
Дөңгелек үстелге халықаралық ядроға қарсы «Невада-Семей» қозғалысының төрағасының орынбасары Эфим Львович Зуслин, ядроға қарсы қозғалыстың ақсақалдары, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Невада-Семей» жастар ұйымының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының бірінші вице-президенті Ефим Львович Зуслин сөз сөйледі. ХАҚ «Невада-Семей» тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде ядролық жарылыстарды тоқтата алды. Біз жаңа ұрпақтың алдымызға жаһандық мақсаттар қойып отырғанына қуаныштымыз - ядролық қаруды тоқтатуда бірігіп жұмыс жасайық.
Онлайн дөңгелек үстелде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей» жастар ұйымының төрағасы, тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Танабекова Гүлжанат Бақытқызы сөз сөйледі. Ол жастар ұйымының атқарған жұмыстары туралы айтты.
Дөңгелек үстел нәтижесінде жастар «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысының жоғары лауазымды тұлғаларынан құнды ақпарат алды.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Невада-Семей»
жастар ұйымының жетекшісі
- Танабекова Г.Б.