- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ-да қазіргі плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясының тұсаукесері өтті
ҚазҰУ-да қазіргі плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясының тұсаукесері өтті
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің физика факультетінде оқытушылар, студенттер мен жетекші БАҚ-тардың қатысуымен Қазақстандағы тұңғыш плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы ашылды. Тұсаукесер рәсімінде алғысөзді физика факультетінің деканы Асқарова А.С. алды.
Эксперименталды және теориялық физика институтының плазмадағы процесстерді математикалық модельдеу лабораториясы (ППММ), плазманы және тозаңды плазмадағы физикалық процесстерді зерттейтін алдыңғы қатарлы ғылыми зерттеу орталығы болып табылады. Осы лабораторияда алынып жатқан ғылыми эксперименталдық зерттеулердің нәтижесі, басқармалы термоядролық синтездегі процесстерді моделдеу, астрофизикалық объектілерді зерттеу және өндірістік нанотехнологиялық өнімдерді жетілдіруде өте кең қолданылуда.
Лабораторияның ғылыми жетекшісі - физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Рамазанов Т.С. Лаборатория ұжымы 20-дан астам ғылыми қызметкерлерден тұрады. Олардың ішінде әлем таныған ғалымдармен қатар, үлкен ғылымда алғашқы қадамдарын жасап жатқан жас ғылыми қызметкерлер де бар.
- Бұл сала әлемде он екі жыл ішінде дүниеге келіп, қазір қарқынды дамуда. Қазақстанда тозаңды плазманы алғаш болып әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың физика факультетінің плазмадағы процестерді математикалық модельдеу лабораториясы зерттеп келе жатыр. Тозаңды плазманы математикалық модельдеу болашағы үлкен ғылым саласы, себебі бұл зерттеулердің нәтижесінде біз оны космоста, нанотехнологияларда қолдана аламыз және бізге үйреншікті материалдарды алмастыра аламыз. Тозаңды плазманың көп артықшылығы бар: оның салмағы өте жеңіл, ол - үнемді, датталмайды, майыспайды, - дейді, лабораторияның ғылыми жетекшісі Рамазанов Т.С.
Тозаңды плазманы зерттеу жұмыстары, яғни әртүрлі макроскопиялық тозаңдардан тұратын плазманы осы лабораторияның ұжымы жинап құрастырған әмбебап ғылыми қондырғыда зерттеуі халықаралық ұйымдарының плазмадағы процесстерді математикалық модельдеу лабораториясын мойындауын қамтамасыз етті. 2005 жылы лаборатория қызметкерлері Қазақстанда бірінші, тамаша физикалық объект - плазмадағы тозаңды кристалды эксперименталды түрде алып, оның қасиеттерін зерттеумен жүйелі түрде айналыса бастады.
ППММ лабораториясы эксперименталды және теориялық зерттеулерді жоғары ғылыми деңгейде жүргізу үшін, отандық және шет елдерден алынған осы заманға сай әртүрлі компьютерлік, технологиялық, диагностикалық, өлшеуіш құралдарымен қамтылған. Осының нәтижесінде, өткізіліп отырған ғылыми зерттеулер әлемдік деңгейдегі зерттеулерге сәйкес, ал жекелеген бағыттарда лаборатория Халықаралық ғылыми ұйымдарда алдыңғы қатардағы орындарды иеленіп отыр.
Лабораториядағы өткізілетін жұмыстардың жоғары деңгейде екенін зерттеулердің тек ғылыми басылымдарда жариялануы ғана емес, сонымен қатар көптеген халықаралық ғылыми орталықтар тарапынан ИЯФАН (Ресей), ИВТАН (Ресей), Иокогама Ұлттық Университеті (Жапония), Термоядролық Синтездің Ұлттық Орталығы (Жапония), Росток Университеті (Германия), Грайсфельд Университеті (Германия), Гейдельберг Университеті (Германия), Айова Университеті (АҚШ) және т.б. бірлесіп жұмыс істеу туралы ұсыныс жасауы мен қызығушылықтарынан көруге болады.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі