Мұқанов Марат Өмірбекұлына некролог

3 наурыз, 2021

       Марат Өмірбекұлы 1979 жылы Қарағанды ​​мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін бітірген. 1988 жылы А.Н. Сызғанов атындағы ҚазЖХҰЗИ-да «Ұйқы безінің жалған кисталары мен оментобурситін хирургиялық емдеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.. 1997 жылы Семашко атындағы ММСИ (Мәскеу) диссертациялық кеңесінде «Висцеропариеталды жабысқақтардан туындаған жедел жабысқақ ішек өтімсіздігі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2001 жылы ҚР ЖАК профессоры атағын алды.

       Ординатурадан кейін 1989 жылдан бастап Жезқазған қаласындағы №1 қалалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 2019 жылға дейін С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де еңбек етті: №2 хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры, хирургия оқу департаментінің алғашқы директоры, жалпы хирургия кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. 2019 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Медицина және денсаулық сақтау факультеті жоғарғы медицина мектебінде клиникалық мамандықтар кафедрасының профессоры қызметінде жұмыс істеді.

     150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы, 30 авторлық өнертабыс және тәжірибелік хирургияда тиімді қолданылатын емдеу әдістеріне арналған куәліктердің иесі болып табылады, сондай-ақ 2 монографиясы және 3 оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. М.Ө. Мұқанов басшылығымен 1 докторлық диссертация қорғалды. Марат Өмірбекұлы Тәуелсіз қазақстандық білім беру сапасын қамтамасыз ету агенттігінің сарапшысы болған, Денсаулық сақтау министрлігінің қалалық, облыстық денсаулық сақтау басқармасының тапсырысы бойынша шағымдар мен өлім жағдайларының талдауларына қатысқан. А.Н.Сызғанов атындағы ҰҒХО-ның директорлары кеңесінің шешімімен Қазақстан хирургтарының VI съезінде (2015) дипломмен және алтын медальмен марапатталды. 2019 жылы С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің күміс медалімен марапатталды.

       Марат Өмірбекұлы әріптестері мен емделушілері арасында лайықты беделге ие болды. Ол үлкен адамгершілігімен, шынайы ақылдылығымен және жоғары кәсібилігімен ерекшеленді. Ол өзінің тәжірибесінің, білімінің, жоғары моральдық-этикалық қағидаларының арқасында көптеген жоғары білікті хирургтарды дайындады.

Марат Өмірбекұлы отбасы үшін сенімді тірек, сүйікті жар, балалары мен немерелеріне үлгі болған еді.

   Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымы Мұқанов Марат Өмірбекұлының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты отбасына, туыстары мен достарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Мұқанов Марат Өмірбекұлы туралы жарқын естелік біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

    Профессор Мұқанов Марат Өмірбекұлын жерлеу рәсімі 04 наурызда сағат 10:00-де Мамыр-3, 9-үй, 43-пәтер мекен-жайы бойынша өтеді.