ҚР БҰҰ-на кіру күніне арналған дөңгелек үстел

3 наурыз, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ-ның «Академиялық ықпал» бағдарламасы бойынша тұрақты даму Жаһандық хабы ретінде Қазақстанның БҰҰ-на кіру күніне арналған БҰҰ-ның «Іс-қимылдар онжылдығы» жаһандық үндеуі шеңберінде ТДМ-ын жүзеге асырудағы жастардың рөлі»» атты халықаралық дөңгелек үстел өтті.  

Халықаралық дөңгелек үстел ҚР Сыртқы істер министрлігінің және БҰҰ жанындағы Жаһандық коммуникациялар департаментінің өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Шараның ашылуында сөз алған ҚазҰУ-дың бірінші проректорының м.а. М.М. Бүркітбаев тұрақты даму мақсаттарын имплементациялаудың маңызды факторларының бірі ретінде қазіргі заманғы жастарды жаһандық азаматтық идеясына тәрбиелеудегі ЖОО-ның рөлін ерекше атап өтті.

Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Алматы қаласындағы өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақов қатысушыларды атаулы күнмен құттықтай отыра, БҰҰ-ның Қазақстандағы қызметін нығайту және тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық бастамалары мен бағдарламаларының ерекшеліктеріне тоқталды.  

БҰҰ-ның Жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самек өз сөзінде ҚазҰУ БҰҰ бағдарламасының Орталық Азиядағы жалғыз хабы ретінде халықаралық жастар коммуникациялық платформасы Жаңа Жібек Жолы БҰҰ Моделін институционалдандырғанын атап өтті. Осылайша олар жастардың бастамаларына жан-жақты қолдау бойынша университет рөлінің аса маңыздылығын қарастырды.

Дөңгелек үстелге 100-ден астам делегаттар қатысты. Шара барысында жас ғалымдардың жобалары ұсынылып, соның ішінде халықаралық қатынастар факультетінің дипломатияға арналған ақпараттық-аналитикалық жаңалықтар порталы (IRD News) таныстырылып, сарапшылар мен студенттер өзара пікір алмасты. 

 

www.kaznu.kz