Ашық тәрбие сағаты: «Қазақ даласының асыл қызы!»
Ашық тәрбие сағаты: «Қазақ даласының асыл қызы!»
«100 кітап» жобасы аясында 2021 жылдың 03 наурыз күні сағат 12:00 де ZOOM платформасында «Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары және «Геоэкология» «6В05201» 2 курс студенттері арасында Көктемнің керемет мерекесіне орай «Қазақ даласының асыл қызы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Көгілдір көктемнің шуақты мерекесі күнімен құттықтай отыра, арулар күніне жылы лебізімізді арнадық.
Осы орайда Ж. Аймауытовтың «Акбілек романындағы» әйел бейнесінің жасалу жолдары қарастырылды. Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдалады.
Шығарманың бас кейіпкері Ақбілек өшіккен адамдардың кесірінен ақ әскерлердің тұтқынына түсіп, неше қилы қорлық көреді. Өз елінде де алуан қиындықтарға жолығады. Кейін төңкеріс аяқталған соң қалаға кетіп, оқу оқып, өз бақытын табады. Ақбілектің басынан өтетін осы оқиғалар арқылы жазушы сол бір қиын-қыстау кезеңдегі қазақ ауылдарындағы өмір шындығын, адамдардың түрлі тағдырын кеңінен бейнелейді.
Тәрбие сағатын ұйымдастырушылар:
«Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары Қазыбекқызы Перизат және Демешова Назерке. «Экология» Мамандығы 1 курс магистранты Мерей Мурсал.
Жауаптылар: Мұқанова Г.А., Курбанова Г.А.
Тәрбие сағатына атсалысқан «Геоэкология» «6В05201» 2 курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз.
Іс-шараға сілтеме:
https://us04web.zoom.us/j/2546115235?pwd=VmozbjM3R2RmdHhKVmh4b0VJamcxQT09