Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналға дөңгелек үстел

4 наурыз, 2021

2021 жылдың 1-наурызында биология ғылымдарының докторы, профессор, Ресейдің Лазерлік академиясының академигі Инюшин Виктор Михайловичтің 80 жылдық мерейтойына арналған «Қолданбалы биофизика, биомедицина және нейроғылымдардың заманауи проблемалары» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел санитарлық режимді ескере отырып, офлайн және онлайн форматта жүргізілді. Аталған іс-шараны әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасы ұйымдастырды.

Конференция модераторлары: б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Т.С. Тулеуханов, биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор А.М.Кустубаева.

Дөңгелек үстелді биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна ашып, келген қонақтарға алғыс білдіріп, профессорр В.М. Инюшинің өмір жолы мен еңбегіне тоқталды.

Инюшин Виктор Михайловичті әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ғылым және инновация департаментінің директоры Мұхамбетжанов Серік Көпжасарұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Парасат» кәсіподақ комитетінің жетекшісі Мекебаев Талғат Құмарғалиұлы, ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі декан орынбасарының м.а. Садвакасова Асемгүл Калыкумаровна, биология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Бисенбаев Амангелді Қуанбайұлы құттықтады.

Дөңгелек үстелге отандық және шетелдік ғалымдар, жас зерттеушілер және профессор В.М. Инюшиннің шәкірттері қатысты. Дөңгелек үстелдің тақырыптық бағыттары бойынша шетелдік және отандық ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Атап өтетін болсақ: Санкт Петербург қаласынан б.ғ.к., Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті Романенчук Кира Викторовна «В.М. Инюшин: штрихи к портрету ученого», б.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА мүшесі Тулеуханов Султан Тулеуханович «Термодинамика биопроцессов и явлений», «ORGANIK PRODUCTION» компаниясының ғылыми-өндірістік бөлімінің меңгерушісі Алексеева Светлана Валерьевна «Влияние гидроплазмы на пролиферативный потенциал клеточной культуры ММСК человека», биофизика, биомедицина және нейроғылымдар кафедрасының жетекшісі б.ғ.к., профессор Кустубаева Альмира Мэлсовна «От биофизики к нейронауке» және тағы басқалар. Мерейтой иесін құттықтап, еселі еңбегін айтып, мерейін асқақтатқан жиында республика, алыс-жақын шетел оқу орындарынан, ғылыми орталықтардан, академиялардан толассыз құттықтаулар түсіп жатты және де Қазақстанның Павлодар, Көкшетау секіді қалаларынан және Ресей Федерациясынан көпетеген ғалымдар онлайн режимде Zoom платформасында, өз құттықтауларын білдірді. Сонымен қатар іс-шара барысында профессор В.М. Инюшиннің өмірі, ғылымға қосқан жаңалықтары турлаы деректі фильмдер көрсетілді.

www.kaznu.kz