«Технология трансферті» дәрісі оқылды

13 мамыр, 2011

Бүгін ҚазҰУ-да Халықаралық жобалардың даму және басқару директоры, Финлияндия профессоры Кристина Йокелайнен TEMPUS PERSEUS жобасының аясында дәріс оқыды. Дәрістің «Технология трансферті» тақырыбын қамтыды.

Биылғы үшінші мәрте өтіп отырған TEMPUS PERSEUS жобасы – Қазақстан ЖОО шағын және көп ғылымды кәсiпорындардың құрылу және даму келешегінен хабар берді. Жергілікті және халықаралық серіктестік өкілдері мен ғалымдар Қазақстан университеттерiнiң өндiрiстiк үлгiлерін бiлiмнiң жаңа парадигмасында жетiлдiру, әлемдік бәсекелестіктің жетістіктері, тығыз байланыстарды күшейту, өндіріс пен ғылым арасындағы тұтастықты негізге алып отыр.

Профессор Кристина Йокелайнен дәрісінде Еуропа елдерінің әр аймағында өз ережелері сақталған зерттеуші ережелерін ұсынып, Финлияндияның ғылым-зерттеу ережелері қарастырылды. Технология трансфертін жабдықтау түрлері мен инновациялық көмек беру жағдайының бірнеше жолын қарастырды. Дәрісте ғылыми-зерттеу қайраткері атану жолы, ғылыми-зерттеу қайраткерінің жекеменшік әлеуеті, ғылыми қайраткердің ой-өрісінің қорғалуы, жобаның жекеменшік каналдарын оңтайландыру, кіріс пен шығыс жолдары сияқты негізгі салалар негізге алынды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі