Токио университеті студенттеріне арналған онлайн-лекция

Жапонияның Токио университеті (The University of Tokyo) және Киото Университеті (Kyoto University) халықаралық QS рейтингі бойынша әлемнің ТОП 100 ЖОО қатарына кіреді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаһандық зерттеу университеттері қатарына кіру жолындағы стартегиялық жоспарын жүзеге асыру мақсатында Токио Университетімен меморандум алмастырған.
COVID-19 коронавирус пандемиясының таралуымен оқу процесінің онлайн форматқа көшуіне байланысты осы оқу жылында Қиыр Шығыс кафедрасы жапондық серіктес ЖООмен өз іс-шараларын (симпозуим, онлайн дәріс курстары және тб) онлайн форматта өткізіп жатыр.
Токио Университетінің профессоры Окада Теруэ ТМД елдерін зерттеп жүрген Жапонияның жетекші мамандарының бірі. Университет қабырғасында лекция мен семинар ғана өткізіп қоймай, Орталық Азияда далалық зерттеулер жүргізу үшін жылда Қазақстанға өзінің зертханасының студенттерімен келіп тұрады.
Қиыр Шығыс кафедрасының доценті Ph.D. Ахапов Ерлан Абдиевич Киото Университеті түлегі және Қазақстандағы жетекші жапонтанушы маман болып табылады. Қиыр Шығыс кафедрасының жазғы және қысқы мектептері аясында жапондық серіктес ЖОО студенттеріне Қазақстанның қоршаған орта мәселелері туралы дәрістерін жиі оқып отырады.
Дәстүрлі түрде өткізіліп келетін осы жолғы Токио Университеті студентеріне арналған онлайн-лекция сәтті өтті. Дәрістен кейін студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, онлайн кездесу нәтижелі өтті деп айтуға болады. Токио Университеті студенттері факультеттің оқу бағдарламаларында Орталық Азияның саясаты, экономикасы, ауылшаруашылығы, экологиясын және тб оқиды. Студенттер өзінің алған білімін тереңдетіп бекіту үшін оқитын елдің өкілдерімен осындай кездесу маңызды болып табылады. Онлайн-лекцияның аяқталысымен профессор Окада Теруэ және доцент Ахапов Ерлан Абдиевич өздерінің зертханаларының студенттерінің кездесуін келесі Benkyoukai-да жалғастыруға уәделесті.