2021 жылдың 05 наурыз күні Метеорология және гидрология кафедрасының 4 курс студенттері мен эдвайзерлері көктемнің алғашқы мерекесі Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандар құрметіне орай ZOOM платформасында «Ана –гүл, қыз – өмір шуағы!»атты ашық эдвайзерлік сағат ұйымдастырып өткізді. Эдвайзерлік сағаттың негізгі мақсаты жастарды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, анасын сүю арқылы еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Осы аталмыш мерекеге орай, «Метеорология» мамандығының өнерпаз студент жастары аналар мен аруларға арнап, ақын-жазушыларының туындыларынан үзінділер оқып, өз шығармашылықтарынан өлең жолдарын арнап, әсем әндер мен күйлер орындады.
Көктемнің алғашқы мерекесі аруларға, кафедраның нәзік жанды оқытушыларына ерекше қуаныш пен шаттық сыйлады.
Мерекелік кешке қатысқан әрбір адамның жүрегіндегі анаға деген махаббаты мен құрметін арттырып, бір сәтке болса да аналарын қуанту үшін әлемнің асылын сыйлауға асықтырғаны анық.
Кеш барысында осы мерекенің тарихынан бастау алып, бүгінгі күнгі әйелдер қауымының қоғамдағы рөлі мен алатын орны жайлы деректер айтылды.