Мансапты дамытудың бағдарламасы.
Мансап және бизнес орталығы студенттерге мансапты дамытуға арналған әртүрлі тренингтер ұсынады.
«Мансапты дамыту технологиясы» бизнес-тренингі;
Мансапты дамытудың бағдарламасы;
Бағдарланған бизнес-тренингтер;
Көсбасшы дәрістері.
Тренингке жазылуға және қосымша ақпарат үшін: career@kaznu.kz, ректорат, 1 қабат, 3773373 Сералы Акбар, Исалдаева Сабира
«Мансапты дамыту технологиясы» бизнес-тренингісі
Тренинг соңғы курс студенттеріне бағдарланған. Тренинг шеңберінде заманауи технологиялар мен моделдер, мансапты дамыту, еңбек нарығының даму перспективалары мен актуальді тенденциялары қаралады. Орталық мамандары жұмысқа орналасу дағдыларымен, қаржылық тұрақсыздық жағдайларындағы мансапты құрастыру проблемаларымен бөліседі. Тренингтің тәжірбиелік бөлігінде тыңдаушылар резюме құрастыруғы және оған баға алуға мүмкіндігі бар. Оқу соңында профессиональді және мансаптық қызығушылыққа бағдарланған профориентациялы тестілеу жүргізіледі. Тренингтің барлық қатысушылары атаулы сертификаттарға ие болады.
Мансапты дамытудың бағдарламасы.
Мансапты дамытудың бағдарламасы профессиональді дағдыларды қалыптастыруға және студенттерге мансап құруда практикалық құралдармен қамтамасыз етуге бағдарланған. Оқумен қатар бір мезетте студенттер жоғары профессиональді білім бағдарламасы бойынша мансапты дайндау курсын өтеді. Бағдарламаның негізін мансапты басқару, жұмысқа орналасу технологиясы методологиясына бағытталған тренингтер құрайды. Қаралатын модулдер арасында: заманауи еңбек нарығының мүмкіншіліктері, мансапты құрастыру әдістері мен түрлері, тайм-менеджмент, көсбасшылық, жұмыс іздеудің дәстүрлі жолдары, жұмысқа орналасудың интернет технологиясы бар. Орталық келесі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен компанияларға практикалар мен сынақ мерзімдерін ұйымдастыруда көмектеседі. Бағдарлама 20 академиялық сағатқа арналған.
Мамандандырылған бизнес-тренингтер.
Орталық бизнестің арнаулы салаларында жұмысқа орналасуға қызығушылығы бар студенттерге бизнес-тренерлердің қатысуымен арнайы мамандандырылған тренингтер өткізеді. Қазіргі кезде sales-менеджерлер (сату жөніндегі менеджерлер), project-менеджер (жоба менеджерлері), event-менеджерлерді (іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі менеджер) дайындайтын бағдарлама қарастырылуда.
Көсбасшы дәрістері.
Бағдарлама тыңдаушыларына Қазақстандық және Халықаралық бизнес, саясат өкілдерінің Көсбасшы дәрістері өткізіледі. Академиялық оқу жылы басталуымен - Владимир Школьник (Қазатомпром), Масахиро Катамото (Жапония елшілігі), Памела Спратлен (АҚШ елшілігі), Айгүл Мукей (Ел Арна), Нурлан Смагулов (Холдинг "Астана групп"), Жанат Бердалина (KPMG), Гюнтер Дам (Microsoft Казахстан), Барбара Джадж (Ұлыбритания атом өнеркәсбі басшысы), Алибек Умиржанов (Қазақстанның Британдың түлектер клубы), Байрам Азизов (Beeline), Бекжанов Айбек (РФЦА), Норбер Жустен (Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілеттілігі), Саясат Нурбек («Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы), Герман Ким (КИСИ) және басқалар өз дәрістерін оқыды.
Центр карьеры и бизнеса
Find us on Facebook