Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыру байқауының жеңімпаздары
10 наурыз, 2021
![](/storage/news/23813_large.jpg)
Экономика және бизнес Жоғары мектебінің ұжымы PhD Жидебекқызы Ақнұрды, экономика ғылымдарының кандидаты Әшірбекова Лаура Жалғасқызын және экономика ғылымдарының докторы Спанқұлова Лазат Сейтқазықызын ҚР БҒМ Ғылым комитетінің желісі бойынша 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру шеңберінде берілген қаржыландыруға арналған жобаларын мақұлдауымен құттықтайды және шығармашылық табыстар мен жоғары жетістіктер тілейді!
Жобалардың атауы:
- "Қазақстанда циркулярлы экономиканы дамыту: әлеуеті, үдерістері, келешегі" - ғылыми жетекшісі Экономика және бизнес Жоғары мектебі деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр.
- "Пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының әлеуметтік саласын мемлекеттік реттеуді күшейту" - ғылыми жетекшісі "Менеджмент" кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. Әшірбекова Лаура Жалғасқызы.
- "Дәрілік сақтандыруды енгізуді қолдауға дайын халық топтарын анықтаудың сандық әдіснамасын әзірлеу және Қазақстанда сақтандырудың осы түрінің қаржылық тұрақтылығын бағалау" - ғылыми жетекшісі Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Экономикалық зерттеулер орталығының" бас ғылыми қызметкері, ҚР БҒМ аккредиттелген зерттеушісі, экономика ғылымдарының докторы Спанқұлова Лазат Сейтқазықызы.
Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі - https://www.ncste.kz/assets/uploadify/vyipiska-%E2%84%961.-10-03-2021-10-21-57.pdf
Басқа жаңалықтар
![](/storage/news/2801870279669de8679bc1d452628194_4.jpg)
22 шілде, 2024
![](/storage/news/3143404026669a457ef1a67363282100_10.jpeg)
19 шілде, 2024
![](/storage/news/33871989506699f775bddfe215293067_(3).jpg)
19 шілде, 2024