"Қазақстан халқының бірлігі" медалі ("Бірлік")
10 наурыз, 2021
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі Баян Өмірбекқызы Жолдасбекова мәдениетаралық диалогты, азаматтық бейбітшілік пен келісімді дамытуға, ұлттық мәдениеттер мен мемлекеттер арасындағы достық қатынастарды жақындастыруға және өзара дамытуға қосқан үлесі үшін «Бірлік» алтын медалімен марапатталды. Марапаттау туралы бұйрыққа Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
"Қазақстан халқының бірлігі" медалі ("Бірлік") - Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы, бірлік пен тұрақтылықты нығайтудағы еңбегі үшін қазақстандық және шетелдік азаматтарды, ұйымдар мен кәсіпорындарды, азаматтық қоғам институттарын қоғамдық мойындау мен көтермелеудің жоғары белгісі.
Басқа жаңалықтар
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024
20 желтоқсан, 2024