«Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру»

11 наурыз, 2021

                                                                                          ПРЕСС-РЕЛИЗ

  17 наурыз 2021 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Тарих, археология және этнология факультеті Наурыз мерекесін жаңаша атап өту концепциясына сәйкес «Тарихқа тағзым: жаңару мен жаңғыру» атты онлайн форматтағы республикалық дөңгелек үстел өткізеді.

 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – белгілі тарихшы, филолог және қоғамтанушы ғалымдармен бірлесе отырып, дәстүр мен жаңашылдық, Отан тарихының ақтаңдақ беттерін және өткен ғасырдың басында тәуелсіздік идеяларын халық арасында дәріптеуге зор еңбек сіңіріп, азаттық жолында құрбан болған әрі елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау. Тәуелсіз Қазақстандағы тіл мәселесінің өткені мен бүгіні, түркі халықтарының ұлы тұлғалары әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Абай Құнанбайұлы, Мәшһүр Жүсіп, Шәкәрім еңбектеріндегі Ұлық мейрам – Наурыздың қоғамдағы орны жайында пікір алмасу болып табылады.

ҚР Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында өткен тарихты білу мен одан сабақ алудың маңыздылығына жоғары мән беруі – оның тұғыры биік тәуелсіз және дамыған мемлекетті қалыптастырудың негізі екендігін көрсетеді. Осы орайда «17 наурызТарихқа тағзым күнінің» белгіленуі тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерін зерттеп қана қоймай, оны өскелең ұрпақтың санасына сіңіру және әрқашан есте сақтап, насихаттау арқылы Қазақстандық патриотизм мен тарихи жадыны қалыптастыруда маңызды болып табылады.

Дөңгелек үстелге танымал ғалымдар – ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының «Құрметті мүшесі», әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Талас Омарбеков, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, Абай Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының Академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі Берекет Бахытжанұлы Кәрібаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы танымал этнолог ғалым Бибизия Кенжебекқызы Қалшабаева, PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы Бекарыс Нуриман және Хаджи Байрам Вели университетінің (Анкара, Түркия) профессоры Гүлжанат Құрманғалиева-Ержиласун қатысады.

Дөңгелек үстел жұмысында пәнаралық синтез негізінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелері, тарихи тұлғалардың қызметі арқылы олардың азаттық тарихына қосқан үлесі қарастырылады. Сонымен қатар саяси, мәдени және әлеуметтік тарихты зерттеуге байланысты жүргізілген ізденістердің негізінде жасалған тың ғылыми тұжырымдар сарапталады.

Дөңгелек үстелдің өткізілу тілдері – қазақ және орыс.

Дөңгелек үстел отырысына отандық жетекші тарихшы, филолог, қоғамтанушы ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысады.

Басталуы: 17 наурыз, 2021 ж., сағ. 11.00.

Өтетін орны: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тарих, археология және этнология факультеті, Е.Бекмаханов атындағы аудитория (406)

Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Тел.: 377-33-30 (12-86), ұялы тел.: 8 707 873 79 23.  

ZOOM: https://us02web.zoom.us/j/85706877845?pwd=Y0NyR0NwS25WcU9HcEtDMDlPU052dz09 

  Идентификатор конференции: 857 0687 7845   Код доступа: 676068

 

               БАРЛЫҚ БАҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ КӨРСЕТУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ.