Еуропарламент депутаттары – ҚазҰУ қонақтары

19 мамыр, 2011

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Еуропарламент және Орта Азия мен Қазақстандағы Конрад Аденауэр қоры басқармасының өкілдерімен кездесті. Өкілдер құрамында Еуропарламент депутаттары Елизабет Йеггле, Манферд Вебер, Вернер Ланген, Квистхауд-Роволь, Йохим Целлер және Еуропарламент қызметкерлері Михаэль Шпайзер, Қазақстандағы Қор басшылығының жетекшісі Әлия Мусина бар.

Делегация сапарының мақсты ҚазҰУ мен байланысты нығайту. Еуропарламент жұмысымен таныстырып, ЕуроОдақ тәжірибесі негізінде атқарылып жатқан міндеттермен бөлісу. Бұл кездесу ЕуроОдақ әріптестігінде үлкен серпін беретіндігін айтқан университет ректоры шетелдік қонақтарды ҚазҰУ-дың білім, ғылым саласындағы бағыттарымен таныстырды.

- ҚазҰУ үш сатылы білім жүйесі бойынша маман даярлайды. Яғни, студент бакалавр, магистратура және докторантурада білім алады. ҚазҰУ Болон үдерісі келісіміне қол қоайға. Сондай-ақ, университетте шетелдік әріптестік тығыз орын алған. Бізде қос диплом жобасы жұмыс істейді. Бүгінде университет алдында тұрған басты мақсат – дәстүрлі университеттен ұлттық зерттеу университетіне айналу, - дейді ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов.

Еуропарламент депутаттары қазақстандық жоғары оқу орындары туралы, ҚазҰУ тыныс-тіршілігі туралы және мектеп түлектерінің оқуға түсу жолдары туралы сұрақтар қойып, отандық университеттер жұмысына қызығушылық танытты. Өз кезегінде қонақтарға Қазақстанда жоғары оқу орнына түсу үшін арнайы ҰБТ тапсырылатындығын, сол негізде ҚР Білім және ғылым министрлігінің байқауы қортындысы бойынша мемлекеттік грантта, ақылы негізде білім алу мүмкіндігі бары айтылды. Сонымен қатар, әр облыстарда арнайы әкім тағайындаған шәкіртақы немесе басқа да арнайы шәкіртақылар негізінде де студенттер қатарына қабылданатындығынан хабар берілді.

Қазақстандық бідім және ғылым саласынан кеңінен хабардар болған әріптестер ҚазҰУ-мен тығыз қарым-қатынас орнатуды қалайтындықтарын айтты. Одан кейін деллегация университеттегі оқытушы-профессорлар құрамымен кездесіп, халықаралық қатынастар факультетінің студенттері жолдаған сұрақтарға жауап қатты. Онда «Еуропа-Орталық Азия: әріптестік мәселелері және энергетика саласындағы саяси қауіпсіздік» тақырыбы кеңінен талқыланды. Студенттер шетелдік қонақтардан қаржы дағдарысы саласында, еуроаймақтың дамуы тұрғысында мол мағлұмат алды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі