8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған білім беру іс-шарасын
Филология факультеті «Шетел тілдері кафедрасының» аға оқытушысы Н.Б.Момбекова ZOOM платформасында 02.03.2021 жылы «Кадастр» мамандығының 1 курс студенттерімен 8- Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған білім беру іс-шарасын өткізді.
8 Наурыз - әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық әйелдер күні болып табылады. Қазақстан да бұл тізімнен шеттемейді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1910 жылы Копенгагендегі социалист әйелдердің конференциясында Клара Цеткиннің ұсынысы бойынша наурыздың 8-ін Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өту туралы шешім қабылданды. 1914 жылдан кейін көп елдерде нақ осы күн әйелдер мерекесі ретінде аталатын болды. Қазақстан Республикасында да бұл мерекеге аса мән беріліп, осы күні барлық аймақта мерекелік шаралар ұйымдастырылады. Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі.
Қазақстанда бұл күн мереке және демалыс күні болып табылады. Көптеген ұйымдарда, әйелдерге арналған мерекелік іс-шаралар өткізіледі. Осыған орай, топ студенттері ең алдымен құттықтау сөздерін жолдап, мейрамның шығу тарихымен таныстырып, ән шумақтарын жолдап, домбырамен күй тартты. Сабақтың соңына қарай өздерінің дайындаған ойындарын ұсынды. Сабақ өте әсерлі өтті.