- Басты бет
- Жаңалықтар
- “Тұрақты даму концепсиясын орындауда экологиялық білімнің ролі!” атты ашық тәрбие сағаты
“Тұрақты даму концепсиясын орындауда экологиялық білімнің ролі!” атты ашық тәрбие сағаты
«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында 2021 жылдың 17 наурыз күні сағат 12:00 де ZOOM платформасында «Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары және «Геоэкология» «6В05201» 2 курс студенттері арасында «Тұрақты даму концепсиясын орындауда экологиялық білімнің ролі!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: экологиялық білім – тұрақты даму тұжырымдамасын адамзаттың рухани және кәсіби ұстанымдары жүйесіне өзгертуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін тетік болуға тиіс екендігін ұғыну.
Экологиялық білім озық қарқынмен дамуы керек, өйткені біздің ойымызша, қазіргі өркениеттің тұрақты дамуға көшуінің қажетті элементі ретінде білім беру жүйесінің жаңа моделінің негізі болуы керек.
Тәрбие сағатын ұйымдастырушылар:
«Геоэкология және табиғатты басқаруды пайдалану» «7M05209» мамандығы 1 курс магистранттары Қазыбекқызы Перизат және Демешова Назерке. «Экология» Мамандығы 1 курс магистранты Мерей Мурсал
Тәрбие сағатына атсалысқан «Геоэкология» «6В05201» 2 курс студенттеріне алғысымызды білдіреміз.