Академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу

18 наурыз, 2021

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотеxнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ- нің «Молекулалық биология және медициналық генетика» кафедрасының доценті, б.ғ.к. Молдақарызова А.Ж. және ассистенті Мустафаева А.Ж. сонымен қатар «Гистология» кафедрасының доценті м.ғ.к. Желдербаева М.К. академиялық ұтқырлық аясында «Цитология және гистология», «Бағаналы жасушалар», «Репаративті процестердің меxанизмі» пәндері бойынша 2021 жыл ақпан айының 01-13 аралығында сабақтар өтіп, тәжірибе алмасты. Академиялық ұтқырлық аясында мамандар пәнге байланысты өзекті мәселелерді көтеріп, зерттеу барысында өзекті мәселелерді көтеріп тәжірибе алмасты.

   Биология және биотеxнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының кафедра меңгерушісі Құрманбаева М.С. және кафедра ұжымына академиялық ұтқырлық аясында тәжірибе алмасу бойынша мүмкіндік бергеніне үлен алғыс айтып, шексіз ризашылық білдіреміз.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz