Маркетинг бюджетін қалай есептеуге болады?

20 наурыз, 2021

 

2021 жылдың 16-наурызында маркетинг сарапшы, бизнес-тренер, маркетинг және жарнама бойынша кеңес беруші, МВА, Қазақстанның жарнама мамандары Ассоциациясының «Маркетинг» Департаментының директоры және «Armat» зергелік компаниясының маркетинг директоры Виолета Красавкая әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Бизнес-технологиялар» кафедрасының «Маркетинг» және «Логистика» мамандығы студенттері үшін «Маркетинг бюджетін қалай есептеуге болады?» тақырыбында мастер-класс өткізді.

 

Сарапшы компанияда маркетингтік бюджетті әзірлеу және қалыптастыру үдерісін жүзеге асырғанда қандай мәселе мен жағдайларға көңіл аудару қажеттігін көрсетті. Мастер-класста тыңдаушылар жарнама инвестициясын неден бастау керек екенін және отандық нарықтағы кәсіпорындар мысалдарда маркетингтік шығындарының мөлшерін есептеудің ең үйлесімді әдістерін қалай таңдап, оларды тиімді қолдану туралы түсіндірді. Сарапшы маркетингтік бюджетті есептеудің және бөлудің үш маңызды ережесін келтіріп, бұл ережелер кәсіпорында маркетинг бюджетін жоспарлау үдерісіне қандай әсерін беретінін көрсетті.