Будапештік Метрополитен Университетінің профессоры Альфонс Энтонидің дәрісі

20 наурыз, 2021

 

2021 жылдың 4-наурызында сағат 17.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінің "Бизнес технологиялар" кафедрасы Венгриядағы Будапешт Метрополитен университетінің профессоры, Еуропалық логистикалық қауымдастықтың вице-президенті, қазақстандық логистикалық кластердің мүшесі Альфонс Энтонидің қатысуымен онлайн дәріс өткізілді. Кездесу Zoom платформасында өтті.

 

Дәріс тақырыбы: "Пандемияның жеткізу тізбегіне әсері". Бұл дәріс тыңдаушыларға шетелдік профессордың жеткізу тізбегін басқару саласындағы көзқарастары және пандемия кезінде халықаралық кәсіпорындар тап болған проблемалар туралы білуге мүмкіндік берді. Бұл дәріс пандемия кезінде жеткізу тізбегін басқарудың тиімді әдістері туралы сұрақтарға көп түсінік берді.

 

Ұйымдастырушы: кафедраның аға эдвайзері Шарапиева М.Д.